Мемлекет басшысы Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады

2 518

Фото: Ақорда баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев  Монако Князі II Альберге Ұлттық күнге орай құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта Мемлекет басшысы Монаконың халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын, елдің бірегей мәдени мұрасын сақтаудағы, тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғаудағы жетістіктерінің әлемге үлгі екенін атап өтті.

Президент екі ел арасындағы достық әрі өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да екі халықтың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен Монако халқына бақ-береке тілеп, жылы лебізін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.