Белгілі депутат еліміздің кейбір өңірлерінде төтенше жағдай жариялауды ұсынды

275

Фото: Ақорда прессБелгілі депутат еліміздің кейбір өңірлерінде төтенше жағдай жариялауды ұсынды.
Халық қалаусының айтуынша, теңіздер мен өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі көптеген аймақтың, соның ішінде Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығына қиындық туғызып отыр. 


Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – төрт түлік ма
лды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындар аса ауыр жағдайда, дейді ол.


 Еділ Жаңбыршин елімізде орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық жайылымдық жерлердің жағдайын кетіргенін жасырмады.


 "Осы жағдай тиісінше малдың шығынына әкелді",- деді депутат премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.


 Осы орайда халық қалаулысы нақты статистикаларды келтірді. 2020 жылы Маңғыстауда 4883 мал басының өлімі тіркелсе, биыл бірінші тоқсан қортындысы бойынша 1332 бас мал өлген.  


Оның сөзінше, бұл мәліметтер тек тіркелген мал шығыны бойынша ғана, ал,облыстағы малдың 56% құрайтын қалың бұқараның қанша малы қырылғаны белгісіз. 
Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп, 481 бас мал өлген екен.
Сонымен қатар, Еділ Жаңбыршин бұл мал азығының бағасының еселеп көтерілуіне алып келгенін атап өтті.


 "Маңғыстауда бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге болса, бір кг арпаның бағасы 95 теңгеге жетті. Ал, көршілес Ақтөбе облысында сол бір түк шөп 4 мың теңге тұрады. Бағаны көтеріп отырған жол шығындары және осыдан пайда көріп қалайын деп отырған делдалдар",- дейді ол.
 Мәжіліс депутаты бұл зауалдың кесірінен қаншама отбасы ауыр жағдайға ұшырағанын, қаншама шаруашылық жер сипап қалғанын тілге тиек етті. 


"Жалпы болып жатқан жағдай, әр өңірдің ерекшеліктерін ескерген, ғылыми зерттеулерге негізделген еліміздің мал шаруашылығын дамытуға және оның азығын дайындауға арналған жүйелі-жоспарлы жұмыстың жоққа жақын екенін айқын көрсетіп отыр. 21 ғасырда космосты игеріп, Австралия мен Канадан асыл тұқымды мал алдырып, дүниенің бәрін цифрландырып жатқанда, малға азық тауып бере алмай жатқанымыз өте ұят! Қазақ атымызға сын емес пе?", - деді халық қалаулысы. 


Сөзін қорытындылай келе Еділ Жаңбыршин жұт жайлаған нақты аймақтарда төтенше жағдай жариялауды сұрап, бірнеше ұсыныс айтты. 


Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған нақты аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жергілікті дәрежедегі төтенше жағдай жарияланып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс;


 Зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізу үшін көрші облыстардан тасымалданатын мал азығының жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет;


 Қуаңшылықтан қиындық көріп отырған өңірлерге басқа облыстардан тез арада мал жаюға және мал азығын дайындауға жер телімдері уақытша пайдалануға беру;


 Мұндай жағдай алдағы уақытта орын алу ықтималдығын ескеріп, мал шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға жедел көмек көрсету, сақтандыру, аймақ аралық қатынастарды жүйелеудің нақты, кешенді механизмдері мен алгоритмдерін жасақтауы тиіс.