Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды
479
Ресей либералды-демократиялық партиясы партия мүшелеріне Жириновскийдің өлімі жайлы жалған қоңыраулар жөнінде түсіндірме жолдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Жириновскийдің коронавирус жұқтырып, 2 ақпанда аурухаға түскені белгілі болған. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланған. Сонымен қатар партияда Жириновскийдің жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан.
"Арандатушылық болды, түнде хабарласып, Владимир Вольфовичтің өлімі туралы айтқан. Біз ақпараттың жалған және негізсіз екенін түсіндірдік", - деді Каргинов.
Саясаткердің сөзінше, адамдар даурықпай және арандатушыларға ермеуі үшін түсіндірме жұмыстары жүрген.
Басылымның мәліметінше, Владимир Жириновский коронавирусқа қарсы 7 рет вакцина алған, алайда өкпесі қабынып ауруханаға түскен.
Кейбір БАҚ өкілдері оның өкпесі 50-75% қабынғанын жазған.
Владимир Жириновский 75 жаста, Алматы тумасы. Қазір Ресей Мемлекеттік думасының депутаты. Ол өзінің түрлі мәлімдемелері арқылы елге танылған еді.