Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

137

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында біршама құжаттарға қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасындағы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу туралы Үкіметаралық келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Alstom Holdings SA» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасында электровоздарды және жылжымалы құрам мен теміржол көлігінің инфрақұрылымына арналған жабдықтарды өндіру және оларға сервестік қызмет көрсету бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Synetics» компаниясы арасындағы генетикалық орталық құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

4. «АХҚО» АҚ мен «Paris Europlace» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Total Eren S.A.» арасындағы негізгі шарттар туралы келісім;

6. «ҚМГ» ҰК» АҚ мен «Air Liquide Eastern Europe S.A.» компаниясы арасындағы ынтымақтастық және қаржыландыру туралы келісім;

7. «ҚМГ» ҰК» АҚ мен «Air Liquide Eastern Europe S.A.» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «Total Eren S.A.» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. «Qazaq Gaz ҰК» АҚ мен «France Hydrogene», «Medef International» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

10. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «Technip Energies N.V.» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ALSTOM Transport SA» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

12. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Société Générale арасындағы негізгі шарттар туралы келісім;

13. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Orano Group»  компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

14. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «I2EN» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен «Boehringer Ingelheim Animal Health France» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

16. «Назарбаев Университет» пен «Université de Lorraine», «Total Energies», «Alstom», «Air Liquide» компаниялары арасындағы бірлескен мәлімдеме;

17. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Soufflet Group» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

18. «Жасыл Даму» АҚ мен «Syctom» тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі Париж агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

19. «Жасыл Даму» АҚ мен «Vicat» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

20. «КазБитумСервис» ЖШС мен «Soprema» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

21. «Schneider Electriс» ЖШС мен «Schneider Electric Kazakhstan» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

22. «Оркен Алем» ЖШС мен «Safran» компаниясы арасындағы келісім;

23. «Қарағанды-Бекіре» ЖШС мен «Caviar House Premier» және «Swiss Choice Holding SA» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

24. «Magnetic Oil» мен «Total Energies» арасындағы үлесті сатып алу және сату шарты;

25. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» пен «Proparco» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

26. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Франция Республикасының Энергетикалық ауысу министрі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы декларация;

27. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» АҚ мен «ANDRA» ядролық қалдықтарды басқару жөніндегі француз агенттігі арасындағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы техникалық ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;

28. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі арасындағы Жоғары  білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ниет білдіру декларациясы;

29. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мен Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандум;

30. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (Қазақстан Республикасы) мен Ұлттық кинематография және анимация ұлттық орталығы (Франция Республикасы) арасында серіктестік орнату туралы келісім;

31. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттама;

32. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісім;

33. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Страсбург университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

34. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Лотарингия университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

35. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Реймс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.