Тоқаев 2023 жылды "Орыс тілі" жылы деп жарияламақ

1 534
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде алдағы 2023 жылды орыс тілі жылы деп атап өтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Жалпы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ТМД кеңістігіндегі тілдік кеңістікті нығайтудың тұрақты маңызы бар. Әрине, бұл жерде орыс тілінің рөлі ешбір күмән тудырмайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Тоқаев 2023 жылы Санкт-Петербургке Достастықтың мәдени астанасы ресми мәртебесін беру ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Біз мемлекеттеріміздің мүдделеріне сай келетін ақпараттық күн тәртібін бірлесіп ойластырамыз деп ойлаймын. Алдағы 2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы аталып өтеді. Қазақстанның ТМД аясында орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастамасы іс жүзінде дамитын болады,- деді Тоқаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.