ҮКІМЕТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС МАҚҰЛДАНДЫ
480
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қолдауды белсенді тағайындау үшін отбасының цифрлық картасын енгізуді, балаларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ мүгедек азаматтарға, әсіресе ауылда арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды көздейтін, әлеуметтік кодекстің жобасын әзірленген
Енді мүгедектігі бар жанға, отбасы мүшесі көмек көрсетсе, онда ол әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарна-лары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері, қызметке орналасады. Яғни осы кодекс жобасы арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі трансфомацияланбақ.
Сондай-ақ мүгедек азаматтарға, әсіресе ауылда арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды көздейтін, әлеуметтік кодекстің жобасын әзірленген
"Кодекстің бірінші жаңалығы – Отбасының цифрлық картасы немесе еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылып жатыр. Оны енгізудегі негізгі мақсат - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан кодексте біріншіден Отбасылық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Яғни, мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу шараларын қарастыруға мүмкіндік алады", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.