Мемлекет басшысы Марғұлан Баймұханды жаңа қызметке тағайындады

2 323

Фото: АқордаМемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Марғұлан Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Польшада Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін бітірген. Халықаралық басқару ғылымының магистрі, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын Daewoo Electronics компаниясында маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері қызметінен бастады. 1997 жылы Полшадағы River System Ltd компаниясының экспорт бөлімінде маман, кеңесші, аймақтық директор (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) болып жұмыс істеді. 

1999 жылдан бері дипломатиялық қызметте жүр. Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Польшадағы елшісі болды.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.