Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

2 529

Фото: akorda.kzПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа орган мемлекет басшысының жанынан жұмыс істейді және Конституцияны жаңартуға қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова тағайындалды.

Төрағаның орынбасарлары:

- Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин;

- Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Комиссияның хатшысы – президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов.

Бұдан бөлек комиссия құрамына 100-ден астам адам енді. Толық тізім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Олардың қатарында:

- Мәжіліс пен Сенат депутаттары;

- өңірлік мәслихаттардың төрағалары;

- әкімдер;

- Конституциялық соттың судьялары;

- Президент Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері;

- заңгерлер, саясаттанушылар мен ғалымдар;

- БАҚ басшылары мен журналистер;

- қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері бар.

Президент Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдағанын Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді.

"Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз”, – деді президент.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.