Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады

470

Фото: Ақорда прессКездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне және Қазақстан мен БҰҰ Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілетуге мен адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жиын нәтижелері бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.