ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

459
Бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне Самитов Мажит Самитұлы тағайындалды.
Мажит Самитұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Ол әр жылдары ҚР прокуратура органдарында, оның ішінде Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.