Жұмысыңызға көңілім толмайды – Тоқаев Мусинге ескерту жасады

333

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жасап жатқан жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі .


«Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүріп жатыр. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде Премьер-Министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-Министрді ұятқа қалдырып отырсыз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент елдегі қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке және киік санына қатысты мәселені оңтайлы шеше алмаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.