Ресей Украинаға екі рет баллистикалық қарумен соққы жасады: 100-ден астам адам жараланып, 34-і қаза тапты
Жексенбі күні Ресей әскері Украинаның Сумы қаласының орталығына соққы жасады. Салдарынан 34 адам қаза тауып, 117 адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко ресейліктер Сумыға баллистикалық қарумен екі рет соққы жасағанын айтты. Оның сөзінше, жарақат алғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Ресей билігі бұл шабуылға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
Украина төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, салдарынан екі баланы қосқанда 34 адам қаза тауып, 117 адам жарақат алды. Оның 15-і — бала.
Атыс күндізгі уақытта болған. Ол кезде зардап шеккен, қаза тапқандардың көбі көліктерінде, қоғам көлік пен көшеде жүрген.
Украина президенті Путиннің АҚШ-тың толық әрі шартсыз бітім жөніндегі ұсынысын елемей келе жатқанына екі ай уақыт болғанын айтты. Сондай-ақ ол жағдайды өзгерту үшін әрекет ету керегін атап өтті.
Басылымның мәліметінше, Сумы қаласына жасалған соққы Сум мемлекеттік университетінің конгресс-орталығына тиген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, онда балаларға арналған сабақтар жиі өтеді.
Соққы жасалған жерге жақын орналасқан көшелер, ондағы көліктер мен ғимараттар қатты зақымданып, қирап қалған.
Ол АҚШ пен Еуропа және басқа елдер соғыс пен адамдардың өлімін тоқтату керегін айтты. Ресейге қысым көрсетілсе ғана бейбітшілік орнайды дейді ол.