Трамп әрбір америкалыққа 2 мың доллар төлеуге уәде берді

2 532

Фото: flickr/Gage SkidmoreАҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде кедендік баждардан түскен табыс есебінен әрбір америкалық азаматқа 2 мың доллар төленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, Америка бүгінде әлемдегі ең бай әрі беделді елге айналған. Ол баждарға қарсы шыққандарды «ақымақ» деп атап, қазіргі экономикалық көрсеткіштердің ел тарихындағы ең жоғары деңгейде екенін айтты.

«Инфляция іс жүзінде нөлге тең, ал қор нарығындағы акциялар рекордтық деңгейге жетті. Зейнетақы жинақтары да бұрын-соңды болмаған көрсеткіште. Штаттар триллиондаған доллар табысқа кенеліп, жақын уақытта “үлкен мемлекеттік қарызды” өтей бастайды. Қазір оның көлемі 37 триллион долларға жетіп отыр», – деп жазды Трамп.

Оның сөзінше, елде рекордтық көлемде инвестициялар тартылып, жаңа зауыттар мен фабрикалар салынып жатыр. Президенттің уәдесіне сай, жоғары табысы бар азаматтардан басқа әрбір америкалық кемінде 2 мың доллар (шамамен 1 миллион теңге) мөлшерінде төлем алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.