Мемлекет басшысы Түрікменстан президентін құттықтады

334
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты құттықтады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

  Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған.


"Бұл тарихи дата Сіздің халқыңыздың жалпы ұлт болып ұйысқанын және жасампаздық рухының биік екенін көрсетеді. Түрікменстанның мемлекеттілігі мен орнықтылығын одан әрі нығайтуда мұның мәні зор. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында заманауи Түрікменстан бейтарап мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренадағы орнын нығайту тұрғысынан зор жетістіктерге қол жеткізді", – делінген жеделхатта. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.