Қорғаныс министр Руслан Жақсылықов жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

167

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысу үстінде.  
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті.
Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді. 
Жұмыс сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.