Кәрім Мәсімовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

508
Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен орынбасарларын қамауға алу мерзімін ұзартады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К.К. Мәсімов, А.Т.Сәдіқұлов, Д.Е.Ерғожинге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 175 б, 1 т, 179 б, 1 т, 218 б, 3 т, 362 б, 4 т, 366 б, 4 тармағы бойынша тергеліп жатқанын хабарлайды. Қамауда ұстау мерзімі жеті айға - Сәдіқұлов пен Мәсімовтың мерізімі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 3 тамызына дейін ұзартылды", - деп хабарлады мемлекеттік Қазақапарат агенттігі ҰҚҚ сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын. 6 қаңтарда ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.