ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

255

Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа  дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.