Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

404
Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Серікқали Брекешев 1972 жылы Павлодарда өмірге келген.

Жоғары білімі бар. 1995 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын экономист ретінде бастаған. "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК, бас директордың орынбасары болған.

Одан бөлек, энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.

  2015-2020 жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.