Амандық Баталов қашан зейнетке шығатынын айтты

536

Фото: Орталық коммуникация қызметіБүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Соның ішінде өңір басшысы зейнетке қашан шығатынын да айтты.


"Менен осыны көп адам сұрайды. Мемлекет басшысы осы лауазымды сеніп тапсырғасын, оған күшім де, денсаулығым да жетеді. Мен үнемі жастарға, қарамағымдағы қызметкерлерге айтамын: ертең сағат 12-де жұмыстан кетесің десе, мен сол 12-ге дейін бұл жүктемені адал әрі жауапты түрде алып жүремін, халық үшін жұмыс істеймін және президенттің тапсырмаларын орындаймын. Болды. Ал қашан кететінім: ертең бе, арғы күні ме, бір жылдан кейін бе, керек адам өзі ойланып, болжамдарын жасай берсін", - деді Алматы облысының әкімі. 


Амандық Баталов әрбір берілген мүмкіндік арқылы адамдар үшін, облыс үшін қызмет етіп, өз тәжірибесін жастарға беруге тырысатынын жеткізді. 
Оның сөзінше, жұмыс өте көп.


 "Бұл жұмыстан тек жақсы істер жасағанда ғана ләззат аласың", - деді Алматы облысының басшысы.