Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды
243
Никол Пашинян жаңа парламент отырысының бірінші күні Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды.
Жаңа парламент отырысының бірінші күні, президент Армен Саркисянның жарлығымен, бұрын үкімет басшысы болған Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды.
"Конституцияның ережелерін басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын", – делінген Армения Президентінің жарлығында.
Министрлер кабинеті премьер-министр тағайындалғаннан кейін 15 күн ішінде құрылады. Осыдан кейін, 20 күн ішінде үкімет басшысы Ұлттық ассамблеяға министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс.
Арменияда парламенттік сайлау 20 маусымда өтті. "Азаматтық келісім" партиясы 53,91 пайыз дауыс жинап, көшбасшы болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға жеңісімен құттықтаған болатын.
"Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын айқын көрсетті", – делінген жеделхатта.
Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді.