"Бұл барлық елге пайдалы": Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды

2 507

Фото: АқордаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының пікірінше, Ресейдің ұйым жұмысына қатысуы барлық мүше елге тиімді болмақ. Ол бұл ұсынысты ұйымның 13-саммитінде көтерді.

Президенттің айтуынша, Ресей – ірі мемлекет әрі түркі әлемімен ғасырлар бойы тығыз байланыста келе жатқан ел. Оның аумағында көптеген түркі халықтарының өкілдері тарихи тұрғыда өмір сүріп келеді.

"Қазір Ресей “Алтай – түркі өркениетінің бесігі” жобасын жүзеге асырып жатыр. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды. Орыс тілінде де түркі тілдерінен енген сөздер аз емес. Жалпы, Ресей түркі мемлекеттерінің, яғни біздің ұйымның бір бөлігіне айналса, бұл барлық елге пайдалы болар еді", – деді президент.

Биыл Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен арадағы тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 10 миллиард долларға жуықтаған.

Бұдан бөлек, Тоқаев ұйымның 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетіп, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.