Арсен Жақанбаев су ресурстары вице-министрі болып тағайындалды

2 504

Фото: primeminister.kzҮкімет қаулысымен Арсен Арманұлы Жақанбаев Қазақстан  Республикасының су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ол 1988 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесіндегі суармалы жерлерді мониторингтеу жөніндегі Алматы бөлімшесінде маман ретінде бастады.

2012–2014 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында инженер-жобалаушы және жетекші маман қызметтерін атқарды.

2014–2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және инвестициялар басқармасында, сондай-ақ Топтық су құбырларын дамыту басқармасында бас сарапшы болды.

2017–2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы қызметінде жұмыс істеді.

2018–2019 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, сондай-ақ Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы болды.

2020–2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы және басшысы қызметтерінде болды.

2021–2023 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың қараша айынан бастап жаңа тағайындауға дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметінде жұмыс істеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.