Тоқаев Мирзиеевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

285
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті", - делінген "Ақорда" сайтында. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің бауырлас екі халық арасындағы көпғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады. 

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.