Ғарыш қызметтерін ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС елдеріне экспорттау керек – Путин

2 510

Владимир Путин Королев қаласында ғарыш кемесі құрылысының жетістіктерімен танысып, жас ғалымдармен кездесті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ресей президенті Владимир Путин зымыран-ғарыш саласын дамыту жөніндегі кеңесте ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС елдеріне ресейлік ғарыш қызметтерін экспорттаужұмысын жандандыруды ұсынды.

Владимир Путиннің айтуынша, бүгінде Азия, Африка және Латын Америкасының нарықтары барған сайын дамып келеді. ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС және басқа да бірлестіктердегі серіктестердің де ауқымды әлеуметтік-экономикалық жоспарлары бар.

"Олар экономиканың жаңа сегменттерін қалыптастыруға, технологиялық әлеуетін арттыруға дайын. Әрине, Ресей бұл ұмтылысты қолдауы керек, бізде бұл салада ұсынатын нәрсе бар. Сондықтан біздің ғарыш өнімдеріміз бен қызметтеріміздің экспортын белсендірек дамыту маңызды деп ойлаймын", - деді Путин.


Ресей басшысы үкіметке бұл жұмысты одан әрі ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.