Жүкті әйелге бұралқы иттер шабуыл жасады

1 528

Фото: ©Әлеуметтік желіденКөкшетауда бұралқы иттер жүкті әйелге шабуыл жасады,- деп Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 16 -шы сәуір күні Бурабай шағынауданында, акушер-дәрігердің қабылдауынан үйіне қайтып келе жатқан кезде болған. Жақын маңнан өтіп бара жатқан ер адам көмекке келіп, иттерді қуып жіберген және жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жарақаттарды өңдеп, құтыруға қарсы екпе курсын тағайындады. Енді жүкті әйел вакцинация курсынан өтуі тиіс. Бұл жағдайдың жатырдағы баланың денсаулығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұралқы иттер тобы осы шағынаудандағы №11 орта мектеп маңында ұзақ уақыттан бері жүреді. Олардың сөзінше, мұндай жағдайлар бұған дейін де тіркелген.

"Иттер шамамен он шақты болды. Алдымен олар менімен қатар келе жатқан әйелге тап берді, кейін маған шабуыл жасады", – дейді жәбірленуші.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.