Облыс прокурорының басшылығымен кеңес өткізілді
338
Облыс прокуроры Н.Бижановтың қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңейтілген кеңес өткізілді - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Кеңес отырысы алғаш рет облыс прокурорының қатысуымен жүргізілді.
Облыстық прокуратурамен ү.ж. 8 айында 600-ден аса кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, 23 лауазымды тұлға түрлі әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Осы орай да облыс прокуроры аймақтағы жасалып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды.
Мысалы, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру кезінде кәсіпкерлерге заңсыз талаптар қойылғаны анықталып, жүйелі заңбұзушылықтар жойылған.
Республикамыздың басқа өңірлерінде заңбұзушылықтың алдын - алу мақсатында, басқа облыстарға да аталған тәжірбие жұмыстары жүргізілді.
Кеңес отырысында мониторингтік топтардың қызметіне, коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне құрылыс салу барысында туындаған кедергілерге қатысты кәсіпкерлердің мәселелері қарастырылып, осы орайда осы мәселемен шұғылданатын жауапты органдарға арнайы уақыт мерзімі белгіленді.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында Президентіміз өткен жылғы жолдауында прокуратураға бизнестің арыз-шағымдарын қарауды тапсырды. Президенттің бұл тапсырмасы депутаттардың қолдауымен ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастау алып, «Прокуратура туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
Жаңа Заңға сәйкес прокуратура жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу туралы арыздарды қарау және бақылаумен құзырлы органдарға жолдауына өкілетті болды.
Сол сияқты жаппай заңбұзушылықтар орын алған жағдайда тексеру тағайындай алатыны айқындалды.
Қорыта келгенде, кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым және өзге де заңсыз араласу жағдайында прокуратураға және кәсіпкерлер палатасына жүгіне алатыны және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ