Мұғалімдер "Қазақстан халқы" қорына ақша аударуға міндетті ме: Министрлік жауап берді

332
Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндетті емес екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.