"Әнші еді деп 20 күнге ғана қамау әділетсіздік деп ойлаймын" - депутат

256

Төреғали Төреәлінің 20 күнге қамауға алынғанын депутат әділетсіздікке санады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осы оқиға туралы Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев заң алдында бәрі бірдей жауап беруі тиіс деп пікір білдірді. Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында өз ойын ортаға салған депутат жаза барлық адамға бірдей болуы тиіс екенін баса айтты. 


«Әрине, шешімді сот шығарады. Әлі есімде, ең бірінші рет Қарағанды тұрғыны ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін бір жылға сотталып кеткен еді. Енді Төреғали Төреәліні атақты әнші еді... деп 20 күнге ғана қамау әділетсіздік деп ойлаймын. Заң алдында барлық азаматтың құқы бірдей. Заңға бағынбаса, бірдей жауапқа тартылуы тиіс», – деді депутат.