Жасанды интеллект электр желісіне қосылуды жеңілдетеді
«Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов электр желісіне қосылуға рұқсат беруді енді жасанды интеллект арқылы беруге болатынын айтты,- деп хабарлайды Opennews. kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі кезде техникалық шарттарды адамдар әзірлейді, сол себепті кейде қателіктер болып, қызмет құны қымбаттап кетеді. Жасанды интеллект бұл процесті автоматтандырып, адам қателігін толығымен жояды.
Сонымен қатар, елде орнатылатын 4 миллион «ақылды есептегіш» электр энергиясын үнемдеуге және 57 миллиард теңге қаржыны сақтау мүмкіндігіне ие болады. Бұл жаңалық электр желісімен байланысуды жылдамдатумен қатар, тұтынушылар үшін жеңіл әрі тиімді шешім болып отыр.







