Бөтеннің көлігін айдап кетіп, жол апатын жасаған қызылордалық анықталды

416
Бөтеннің көлігін айдап кетіп, жол-көлік апатын жасаған қызылордалық анықталды – деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына 39 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған Opel Astra маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған.

Жедел басқару орталығының айдап әкетушіні анықтап, ұстау үшін “Тосқауыл” іс-шарасы аясында хабарлама беріліп, аталған автокөлікті кезекшілікке түскен қызметкерлер қала көшелерінің бірінде өрескел қателіктер жасап жүргендігі және жол-көлік оқиғасы жасағандығы анықталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.