Ел бойынша дабыл сиреналары іске қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел бойынша бір мезгілде құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Ол үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телевидение және радиоға қосылу жүргізіледі.
Іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілгелі отыр.
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар сол мезетте әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильдік құрылғыларға арналған қосымшалар және тағы басқасы) дереу қосуы керек.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады, - делінген ақпаратта.
Қаз
Рус






