14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды

1 363

Фото: ІІМ баспасөз қызметіШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылы қаңтарда бес қылмыскерді ұстаған. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.

Қылмыскерлердің бірі - алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып жүрген. Күдікті Алматы қаласынан табылды.

"Қазір сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары заңнан жасырынғандардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.