14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
ШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылы қаңтарда бес қылмыскерді ұстаған. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.
Қылмыскерлердің бірі - алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып жүрген. Күдікті Алматы қаласынан табылды.
Қаз
Рус






