Көпірден секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамалды
1 580
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астана қаласының соты "Қараөткел" көпіріне шығып, секірмек болған ер адамға қатысты істі қарады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 10 маусым күні болған. Көпірдің үстіне шыққан ер адам видео түсіріп, оны жеке сот орындаушысына және бұрынғы әйеліне жіберген. Сот отырысында азамат өз кінәсін толық көлемде мойындады.
"Сотта ол ажырасқаннан кейін алименттік міндеттемелер бойынша 1 миллион теңгеден астам қарызы жиналып қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, қаржылық жағдайы мен эмоционалды жағдайы оны қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге итермелеген", – делінген сот хабарламасында.
Қаз
Рус






