Таныспай қойғаны үшін қыздың үстіне су шашып жіберген жігіт қамауға алынды

1 503

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыда қоғамдық орында қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, ер адам қоғамдық орында қызбен таныспақ болған. Қыз оның ұсынысынан бас тартқаннан кейін, ер адам үстіне су шашып, артынша әдепсіз қылық көрсеткен.
Қыз полициядан көмек сұраған. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.

Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Алматы полициясы қоғамдық орын – тәртіп пен әдеп нормаларын елемеуге болатын жер емес екенін ескертті. Айналадағыларға құрметсіздік таныту, әдепсіз әрекет жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.