Психиатриялық есепте тұрған оқушы мектепте 3 баланы жарақаттады

275
Петропавлдық оқушы мектепке балта мен пышақ ала келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 шамасында болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын пышақ пен балта ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, – делінген хабарламада. 


Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.