6 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші ұсталды
Полицейлер "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында іздеуде жүрген борышкерді тоқтатып, көлігін айыптұраққа қойды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ПД Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар "Тойота Камри" автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті.
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатып, борышкердің көлігін айыптұраққа қойды.
Полицейлер жүргізушілерге әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге кеңес берді.
Қаз
Рус






