6 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші ұсталды

1 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Полицейлер "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында іздеуде жүрген борышкерді тоқтатып, көлігін айыптұраққа қойды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ПД Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар "Тойота Камри" автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті.


"Жедел басқару орталығына сот орындаушының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген. Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен аталмыш автокөлікті анықтап, патрульдік полиция экипаждарын борышкер-жүргізушіні іздеуге бағыттады", - деп хабарланған. 


Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатып, борышкердің көлігін айыптұраққа қойды.

Полицейлер жүргізушілерге әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге кеңес берді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.