Қазақстандық фильмдердің жарнамасынан Kinopark заңсыз қаржы алып келген

1 522

Фото: ©ru.wikipedia.orgБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті Kinopark - Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің қазақстандық режиссерлері түсірген фильмдерден заңсыз жарна алып келгенін анықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір фильмдер өз жарнамасы үшін ақша төлемегендіктен прокатқа шығарылмаған.

«Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісі үстем жағдайды теріс пайдаланып келген. Дәлірек айтсақ, кинотеатрлар желісі отандық киноөндірушілерді жарнама бюджетін төлеуге міндеттеген. Әйтпегенде, фильмдерді прокатқа шығармаған», – деп хабарлайды агенттік.

Бұл талаптар нарықтағы бәсекелестікті шектеп, киноөндірушілердің заңды құқықтарына нұқсан келтірген. Киноөндірушілердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергілер туғызып, отандық кинематографияның дамуына тежегіш болған.

«Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды. Хабарламаны қараған желі заң бұзу фактілерін жойды», – деп хабарлайды агенттік. 

Енді Қазақстанда түсірілген фильмдер прокатқа шығу үшін міндетті жарнама шығындарын төлемейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.