Қазақстандық фильмдердің жарнамасынан Kinopark заңсыз қаржы алып келген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті Kinopark - Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің қазақстандық режиссерлері түсірген фильмдерден заңсыз жарна алып келгенін анықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Кейбір фильмдер өз жарнамасы үшін ақша төлемегендіктен прокатқа шығарылмаған.
Бұл талаптар нарықтағы бәсекелестікті шектеп, киноөндірушілердің заңды құқықтарына нұқсан келтірген. Киноөндірушілердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергілер туғызып, отандық кинематографияның дамуына тежегіш болған.
Енді Қазақстанда түсірілген фильмдер прокатқа шығу үшін міндетті жарнама шығындарын төлемейді.
Қаз
Рус






