Екі жыл бойы заңсыз алтын өндірген топ ұсталды

1 475

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотҚаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы “Кенкарын” учаскесінде заңсыз алтын өндіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тексеру нәтижесінде күдіктілердің екі жыл бойы жер қойнауын өз бетінше пайдаланып, бағалы металдарды тиісті лицензиясыз өндіріп келгені белгілі болды. Олар “Құлынжон” өзенінің арнасын өз бетінше өзгертіп, табиғатқа айтарлықтай залал келтірген.

Сараптама қорытындысы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 82 миллион теңгеден асты.

Тергеу кезінде ауыр техника мен өнеркәсіптік құрал-жабдықтар – жүктиегіш, самосвал, экскаватор және өндірістік жабдықтар тәркіленді.

Заңсыз әрекетті ұйымдастырған күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Қалған тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.