Қазақстанда алғаш рет: Әйел жауынгер «Бүркіт» арнайы жасағының қатарына қосылды

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: el.kzҚазақстанда алғаш рет әйел адам Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлік құрамына қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, бірнеше мәрте чемпион атанған, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қымбаттың арнайы жасаққа қосылуына Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысындағы жетістігі себеп болған.

Ол аталған додаға Қазақстанның «Томирис» әйелдер командасының құрамында қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық қыздар әйелдер арасында бірінші орын иеленді. Ал жалпы командалық есепте бірқатар ерлер құрамасын басып озып, 18-орынға тұрақтады.

Осы жарыстан кейін Қымбатқа «Бүркіт» арнайы жасағының қатарына қосылу ұсынылған. Нәтижесінде ол бөлімшенің жауынгерлік құрамына қабылданған алғашқы әйел атанды.

«Китананың» спорттағы жетістіктері

Қымбат – жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстарда бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген тәжірибелі спортшы. Ол қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның алты дүркін чемпионы. Әлем чемпионаттарында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Әлем кубогының, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Джиу-джитсудан әлем және Азия чемпионаттарында үш мәртеден топ жарып, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар аралас жекпе-жектен (ММА) Қазақстан мен Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан ел чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Дүниежүзілік полиция ойындарында да жоғары нәтиже көрсетіп, дзюдодан алтын, джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алған.

Қымбат қоян-қолтық ұрыс пен джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ самбо мен ММА-дан спорт шебері атағына ие. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.