Әкім қызметтік көлікті мас күйде жүргізген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйінде ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.
Қаз
Рус






