Қызылордада маскүнемдер итті аяусыз өлтірді
421
Қызылорда қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екі ер кісі итті азғындықпен өлтірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кеше қатыгез тұрғын көпқабатты тұрғын үйдің жуыну бөлмесінде итті аяусыздықпен өлтірген. Бұл туралы әлеуметтік желіде pushistiki_kyzylorda қызылордалық тұрғын көршісінің жауыздықпен жасаған әрекетін жариялаған болатын.
Есік алдында ойнап жүрген балалар, иттің жан дауысы шығып, қатты қыңсылап жатқандығы жөнінде анасына айтқан. Алайда, жануарлар құқығын қорғаушы Настяның айтуынша, оқиға орын алғандығы жөнінде інісі хабар берген.
Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаның жағымсыз кейіпкеріне айналған қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Үй жануарына қатыгездік танытып, өліміне себепші болған екі бірдей тұрғын уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы қабылданған болатын. Алайда, нәтижесіз секілді. Себебі мен мақсаты жануарларға қарауды құқықтық реттеу, оларға ізгілікті қарау болып табылады, оның өлшемі жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарлар мен адамның әл-ауқаты болып табылады.
«Жануарларға қатыгездіктің жиі кездесетін фактілері қоғам мен үкіметтің алаңдаушылығын арттырады. Мемлекет басшысының өткен жылғы жолдауында көрініс тапқан осы мәселеге назар аудару деңгейі мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті. Заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясын қалыптастырады деп сендірген болатын. Алайда, жануар түгіл адам құқығы аяқ асты болып жатқандығы тағы бар.

«Бүгін түсте олар көпқабатты үйде итті аяусыз өлтірді. Біздің балалар иттің жүрек сыздатқан жан айқайын естіді. Бір подъезде осындай азғындық әрекетке баратын адамдармен өмір сүрудің өзі қорқынышты. Ол уақытта біз жұмыста едік. Жан түршігерлік хабарды естігенде полиция қызметіне жүгінуге тура келді. Інімнің бәрін естіп, әпкелеріне телефон соғып, қорқынышты екенін айтты, итті біреу өлтіріп жатыр, барлық көршілер үндемейді, итке ешкім көмектеспейді деген жанайқайын ұмыта алар емеспін. Біз барғанымызбен тым кеш қалдық. Итті азғындықпен өлтіріп тастаған екен.»,-дейді Настя.
Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаның жағымсыз кейіпкеріне айналған қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Үй жануарына қатыгездік танытып, өліміне себепші болған екі бірдей тұрғын уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.
«Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде аталған факті бойынша Қызылорда қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, күдіктілер уақытша қамауда. Бұл қылмыстық іс бойынша тиісті шешім шығарылады.» , - деген Қызылорда облысының Полиция департаменті хабарламада.