Жаңа мектеп ғимаратында қыздарға арналған дәретханаға есік орнатылмаған

1 402

Фото: Instagram aqtobe_sergekАқтөбеде жуырда ғана №2 мектеп-гимназияға жаңадан дәретхана ғимараты қосылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алайда ол білім алушылардың наразылығын тудырды. Себебі ғимаратқа есік орнатылмаған. 

Фотодан қыздарға арналған дәретхананың есігі жоғын, бөлек бөлмелерге бөлінбегенін байқауға болады.

Ата-аналар мен оқушылар мектеп басшылығының ешқандай шара қолданбай отырғанына наразы. Ал гимназия бұл мәселені жақын уақытта шешетінін хабарлады. 

"№2 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мектептегі қосымша ғимараттың жақында ғана пайдалануға берілгенін хабарлайды. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіледі", – делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.