"Ұлттық құрылтайға қатысуға жол бермеді, жексенбі митингке шығамыз"

303

Фото: видеодан скриншотҚоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің фейсбук парақшасында Ұлттық құрылтай өтетін Ұлытау облысына барғанын, алайда оған қатысуға Ерлан Қариннің жол бермегенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.


ФоҚоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің фейсбук парақшасында Ұлттық құрылтай өтетін Ұлытау облысына барғанын, алайда оған қатысуға Ерлан Қариннің жол бермегенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап
"Халықтың жер жанайқайын Президентке жеткізуге мүмкіндік бұйырмады. Нақты айтқанда мемхатшысы Ерлан Карин бұған жол бермеді. Себебін білмедім, бірақ бұл кісіге бүгінгі шешімі үшін әлі ұят болады деп ойлаймын. Ал біз болсақ жұмысымызды жалғастырамыз. Жексенбі күні Ақмола аймағы Целиноград ауданында рұқсат етілген бейбіт митингі өткіземіз", — деп жазды ол.


Еске ала кетейік, бүгін Ұлытау облысында Қ.Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтеді.