600-ден астам мал құжатсыз тасымалданғаны анықталған

1 506

Фото:  СС0 / Michael GornigТүркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өткізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып, облыс аумағындағы негізгі бағыттар толық қамтылған.

"Жеті тәуліктің ішінде полицейлер мал тасымалдап бара жатқан 48 жеңіл және жүк көлігін тоқтатты. Нәтижесінде 38 көліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 бас мал анықталды", - дейді полиция.

Құжатсыз мал тасымалдаумен айналысқан жүргізушілерге заң аясында шара көру үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілген. Іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына тапсырылып, әрбір дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.