Қызылордада бөтеннің көлігін айдап кеткен сотталушы өз кінәсін мойындады

114

Бөтен көлікті рұқсатсыз айдап кеткен қызылордалық сотталушы өз кінәсін мойнына алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі жедел бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел жұмыстары нәтижесінде ҚР ҚҚ 192 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, 58 бабы 3 бөлігімен 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған 1992 жылы туылған Б. есімді азамат 2019 жылы бостандықта болған уақытында Қостанай қаласында бөтеннің көлігін мас күйінде рұқсатсыз айдап кету қылмысын жасағаны жөнінде өз еркімен мәлімдеме жасап, кінәсін толық мойындады.


«Жасаған қылмысымды мойындап, берілген жазаны толықтай өтеймін және жасағаным ісім үшін өкінемін,» – деді Б. есімді сотталушы.


Сотталған азаматқа мекеменің жедел уәкілі Д. Сайдильдинов тиісті хаттама толтырды.


Аталған қылмыстық оқиғаға байланысты жинақталған құжаттар процесуалдық шешім қабылдау үшін Қостанай полиция департаментіне жолданды.


Адина Жомартқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.