Жаңа мектеп ғимаратында қыздарға арналған дәретханаға есік орнатылмаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбеде жуырда ғана №2 мектеп-гимназияға жаңадан дәретхана ғимараты қосылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алайда ол білім алушылардың наразылығын тудырды. Себебі ғимаратқа есік орнатылмаған.
Фотодан қыздарға арналған дәретхананың есігі жоғын, бөлек бөлмелерге бөлінбегенін байқауға болады.
Ата-аналар мен оқушылар мектеп басшылығының ешқандай шара қолданбай отырғанына наразы. Ал гимназия бұл мәселені жақын уақытта шешетінін хабарлады.
Қаз
Рус






