"7-20-25" бағдарламасы жемқорлардың ордасына айналды" - депутат

1 156

Үкімет отырысында депутат мемлекеттік бағдарламаның жемқорлардың ошағына айналғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Депутат Дәулет Мұқаев оқырмандарының банк менеджерлерінің ақша талап етіп жатқанына қатысты хаттарын оқи келе, "7-20-25" бағдарламасының әлі тұрақты дұрыс қолға алынбағанына ашынды.


“7-20-25” тің міне бүгін лимиті ашылды. 5 минутта бітті де қалды. Оқырмандардан хаттар келіп жатыр:”Бұл не деген сұмдық деп”. “Менен банк менеджері 1 млн 400 мың теңге сұрады”, деп Айжан, Перизат есімді оқырмандарым жазса, Раушан есімді оқырманым “ 700 мың теңге сұрады” деп мінекей хаттарын жіберуде. Бұл қашан тоқтайды? Қашан біржақты қыламыз бұл бағдарламаны?”,- деді депутат Дәулет Мұқаев.Осыдан кейін депутат үй алудың отандастарымыз үшін қиынға соғып бара жатқанын жеткізді.


«Баспана мәселесі қазақстандықтардың бас ауруына айналып жатыр. Әсіресе, соңғы жылдары мәселе күрт шиеленісті. Баспана мәселесін Мәжіліс мінберінен бірнеше рет көтердік. Үкімет тарапынан мардымды жауап болмады. Маған үнемі сырғытпа жауап келді. Бүгінде баспана нарығы тұралап тұр. Үй алудың барлық бағдарламасы тоқырауға ұшырады», - деді депутат.